ПОЙЫЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ИНТЕРВАЛДЫ РЕТТЕУДІҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ АРАЛЫҚТЫҢ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІН МОДЕЛЬДЕУ
Le résumé fourni par la source
Бұл мақалада теміржол желісінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және өткізу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын жартылай автоматты блоктау, автоматты блоктау және радиоблоктау жүйелерінің жұмыс принциптері талданды. Әр жүйенің құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері сипатталып, қозғалысты интервалды реттеу механизмдері мен пойыздардың орын ауыстыру логикасы математикалық модельдеу әдістері арқылы зерттелді. Зерттеу барысында аралық ұзындығы, пойыздардың бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы, тежеу жолы, қауіпсіз интервал және кезекшілердің әрекет ету уақыты сынды негізгі параметрлер ескеріліп, әр жүйенің өткізу қабілетіне сандық талдау жүргізілді. Модельдік симуляция нәтижелері әрбір жүйенің техникалық мүмкіндіктері мен шектеулерін нақты көрсетті. Типтік жағдайдағы есептеулерге сәйкес, өткізу қабілетінің көрсеткіштері жартылай автоматты блоктау жүйесінде шамамен 9,6 пойыз/сағат, автоматты блоктауда – 21,9 пойыз/сағат, ал радиоблоктауда – 60 пойыз/сағат деңгейінде анықталды. Бұл нәтижелер тиісті жүйелердің интервалды басқару дәлдігіне, пойыздар арасындағы қашықтықты өлшеу әдістеріне және белгі беру құралдарының деңгейіне тікелей байланысты екендігін көрсетті. Жүйелердің салыстырмалы тиімділігі диаграммалар және басқа да визуалды құралдар арқылы айқындалды, бұл техникалық шешім қабылдау барысында инжинирингтік негіздеме жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері заманауи теміржол желісінде цифрлық басқару жүйелерін, атап айтқанда радиоблоктау технологияларын енгізудің өзектілігін және оның көлік логистикасындағы стратегиялық артықшылықтарын дәлелдейді. Кілтті сөздер: пойыз қозғалысы, интервалды реттеу, өткізу қабілеті, жартылай автоматты блоктау, автоматты блоктау, радиоблоктау, модельдеу.
Ce résumé expose les affirmations des auteurs. BNTIC ne l’interprète pas comme une validation indépendante des résultats.
Le contrôle bibliographique ouvert
DOI retrouvé dans Crossref DOI retrouvé ; titre concordant.
- Titre Crossref
- ПОЙЫЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ИНТЕРВАЛДЫ РЕТТЕУДІҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ АРАЛЫҚТЫҢ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІН МОДЕЛЬДЕУ
- Date Crossref
- 30/09/2025
- Éditeur
- Toraighyrov University
- Type
- journal-article
Ce recoupement confirme des métadonnées liées au DOI. Il ne confirme ni la méthode ni les conclusions de l’étude, et il ne compte pas comme une seconde source scientifique indépendante.